Есілге батып кете жаздаған астаналық құтқарылды

Ер адам өздігінен жағаға шыға алмай, құтқарушылар көмекке келді.

 istockphoto.com 16 Тамыз 2026, 11:09
16 Тамыз 2026, 11:09
130
Фото: istockphoto.com

Елорда тұрғыны «Арыс» көпірінің астынан Есіл өзенін жүзіп өтпек болған, алайда өздігінен жағаға шыға алмай қалған.

Ер адамға осы аумақта кезекшілікте жүрген құтқарушылар көмекке келді. Олар құтқару шеңберінің көмегімен астаналықты судан алып шықты.

Құтқарылған азамат – 1985 жылы туған ер адам. Судан шығарылғаннан кейін ол әрі қарай тексеру үшін медицина қызметкерлеріне тапсырылды, – деп мәлімдеді ТЖМ.

Еске салайық, бұған дейін Ақтауда құрылысшылар бүтін бір отбасыны суға батудан құтқарып қалды.

Наверх