Ақтауда құрылысшылар бүтін бір отбасыны суға батудан құтқарып қалды

28 Шілде 2019, 12:45
1859
Бөлісу:
Ақтауда құрылысшылар бүтін бір отбасыны суға батудан құтқарып қалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Оқиға демалыс күндері «Шора» каналында болған, деп хабарлады Tumba.kz.

Маңғыстау облысы ТЖД өрт сөндіру және апаттан құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз хатшысы Рукия Сычеваның айтуынша, кәмелет жасқа толмаған екі қызы бар отбасы каналға суға үсуге барған. Бір сәтте бәрі суға бата бастаған. Қуанышқа орай «Шора» каналының жанында жүрген құрылысшылар бей-жай қарамай, дереу көмекке келген. Олар батып бара жатқандарды судан шығарып алып, алғашқы медициналық көмек көрсеткен. Бұдан кейін олар Апаттық медицина орталығының қызметкерлері мен полицейлерді шақырып, сондай-ақ жедел жәрдем қызметіне де қоңырау шалған.  

«Мейрамбек Жиенбаев пен Қанат Қуатбаев өміріне қауіп төніп тұрған отбасыны тастап кетпей, құтқарып ерлік жасады», - деді ол.

Сонымен қатар, ТЖД өкілі дәл осы каналда 22 жастағы жігіттің суға батып қаза болғанын айтты.

Жергілікті ТЖД қызметкерлері суға түскен кезде қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады. 

Өзгелердің жаңалығы