Италия полициясы наурыз айында Парма маңындағы Magnani-Rocca қорынан ұрланған Огюст Ренуар, Поль Сезанн және Анри Матисстің картиналарын тапты.
Euronews-тің хабарлауынша, ұрланған үш туындының жалпы құны 8,9 миллион еуродан астам бағаланған. Қылмыскерлер картиналарды музейден үш минутқа жетпейтін уақытта алып кеткен.
Ұрланған туындылар қатарында:
- Огюст Ренуардың «Балықтар» картинасы — шамамен €3 млн;
- Поль Сезаннның «Шиелі натюрморт» туындысы — шамамен €6 млн;
- Анри Матисстің «Террассадағы одалискасы» — шамамен €20 мың.
Полиция мәліметінше, картиналар күдіктілердің бірінің үйінен табылған. Қылмысқа Молдовадан келген тоғыз адамнан тұратын топтың қатысы бар деген болжам жасалып отыр. Олардың бесеуіне ұрлық жасады деген айып тағылған.
Полиция жариялаған бейнежазбада екі адамның терезені сындырып, ғимаратқа кіргені көрінеді. Олар картиналар тұрған бөлмеге барып, туындыларды қабырғадан алып, терезе арқылы сыртта күтіп тұрған сыбайласына берген.