Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Астана циркінде гимнаст қыз биіктіктен құлап кетті

19 Мамыр 2025, 23:56
358
Бөлісу:

Оқыс оқиға Астана циркінде болған. Көрсетілім кезінде гимнаст қыз бес метр биіктіктен құлап кеткен, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл ақпаратты қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы растады.

Қыз бес метр биіктіктен құлап, жарақат алды. Оқиға орнынан жедел жәрдем алып кетті. Бас жарақаты мен ми шайқалу диагнозы қойылды. Жалпы жағдайы – орташа ауыр, тұрақты, – деп хабарлады басқарма.

Қазір зардап шеккен қыз ауыр жарақат бөліміне жатқызылған. Көпжарақат – бірнеше ауыр жарақаттың жиынтығы, әрқайсысы арнайы емдеуді қажет етеді.

Өзгелердің жаңалығы