Астана төрінде Шәмші Қалдаяқовтың әндері шырқалады

11 Мамыр 2023, 13:34
1873
Бөлісу:
Астана төрінде Шәмші Қалдаяқовтың әндері шырқалады
Фото: Артём Чурсинов

ҚР Мемлекеттік Әнұранының авторы, ҚР Халық әртісі, Ұлы композитор Шәмші Қалдаяқовтың әндерінен «Менің Қазақстаным!» атты концерттік бағдарламасы өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Шәмші Қалдаяқов атындағы облыстық филармония ұжымы 25 мамырда сағат 20:00-де Астана қаласы «QAZAQSTAN» орталық концерт залында Түркістан облысының құрылғанына 5 жыл және Шәмші Қалдаяқов атындағы Түркістан облыстық филармониясының құрылғанына 60 жыл толуына орай ҚР Мемлекеттік Әнұранының авторы, ҚР Халық әртісі, Қазақстанның Еңбек Ері, Ұлы композитор Шәмші Қалдаяқовтың әндерін насихаттау мақсатында «Менің Қазақстаным!» атты концерт жанды дауыста өтеді.

Астана төрінде Шәмші Қалдаяқовтың әндері шырқалады

Концерттің мақсаты - Ұлттық рухани мұрамыздың ажырамас бөлігіне айналған Шәмші Қалдаяқовтың өміршең әндерін дәріптеу.

Аталған концерттік бағдарламада «Сүгір» атындағы қазақ ұлт аспаптар оркестрі, «Алаш» вокалды аспаптар ансамблі, «Яссы», «Фараб» би ансамбльдері және филармония әншілері қатысады.

Өзгелердің жаңалығы