Елорда маңындағы "Аstana Resort" кешені өртенді

10 Маусым 2020, 19:20
1710
Бөлісу:
Елорда маңындағы "Аstana Resort" кешені өртенді
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  2020 жылдың 10 маусымында сағат 15:41 шамасында Ақмола облысы Аршалы ауданы, Жібек жолы ауылында орналасқан "Аstana Resort" кешенінде (3 демалыс үйі, 1 сауна, 1 дәмхана) өрт болды.

Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі хабарлады.


Бірінші өрт сөндірушілер жасағы келіп жеткенше 45 адам өз бетімен эвакуацияланған (демалып жатқан 30 адам, 15 кешен қызметкері).

Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД бірінші жасағы сағат 16:01 келіп жетті. Өрт сағат 17:10 сөндірілді. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Алдын ала мәлімет бойынша өрт 1500 маумақты шарпыған, - делінген хабарламада.
Тілсіз жауды ауыздықтауға Ақмола облысы ТЖД-нің 8 қызметкері мен 2 бірлік техникасы жұмылдырылды. Сонымен қатар, Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД 21 қызметкері мен 4 бірлік техникасы, "Астана-Орманы" ШЖҚ МКК 1 қызметкері мен бір техникасы да атсалысты. Жалпы өртті сөндіруге 30 адам мен 7 бірлік техника жұмылдырылды.

Өзгелердің жаңалығы