«Астана қылышы»: елордада семсерлесуден республикалық ашық турнир өтеді

18 Қыркүйек 2023, 17:53
778
Бөлісу:
«Астана қылышы»: елордада семсерлесуден республикалық ашық турнир өтеді
PHOTO
Фото: Елорда әкімдігі

Елордада «Астана қылышы» Республикалық ашық турнирі қайта оралды, деп хабарлайды BAQ.KZ елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Ашық турнирге еліміздің түкпір-түкпірінен және көршілес елдерден жас семсерлесушілер бақ сынайды. Айтулы бәсек 23-28 қыркүйек күндері Астанадағы «Аспан» спорт кешенінде өтеді.

«Астана қылышы»: елордада семсерлесуден республикалық ашық турнир өтеді

Іс-шараға Қазақстанның тоғыз облысынан, оның ішінде Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан, сол сияқты Қарағанды, Жамбыл, Алматы, Шығыс Қазақстан, Абай және Солтүстік Қазақстан облыстарынан 2007 жылы туған және одан да жас 150-ден астам жас және дарынды спортшылар қатысады.

«Астана Қылышы» турнирі қазақстандық семсерлесу спортының ең маңызды іс-шараларының бірі ретінде танымал болды. Бұл – жас семсерлесушілер үшін өз шеберліктерін көрсетуге және әр өңірдің үздік спортшыларымен бәсекеге түсуге таптырмас мүмкіндік.

«Астана қылышы»: елордада семсерлесуден республикалық ашық турнир өтеді

Турнир Астана қаласы әкімдігінің қолдауының арқасында өтеді. Жарыс бағдарламасына мыналар кіреді:

• Шпага (сапы) түрінен ұлдар мен қыздар жарысы;
• Рапира (найза) түрінен ұлдар мен қыздар жарысы;
• Сабля (қылыш) түрінен ұлдар мен қыздар жарысы.

 

«Астана қылышы»: елордада семсерлесуден республикалық ашық турнир өтеді

Алты күнге созылатын ашық турнир қарқынды және эмоционалды жекпе-жектерге толы болады. Бұл жас спортшыларға өз шеберліктерін, дәлдік пен стратегиялық ойлау қабілетін көрсетуге тамаша мүмкіндік, сонымен қатар Қазақстанның бай спорттық әлеуетін барша азаматтарға көрсетудің тамаша тәсілі.

«Астана қылышының» басты мақсаты – семсерлесуді кеңінен насихаттау, оған жаңа спортшыларды тарту және дарынды жас семсерлесушілерді қолдау.
Бұл турнир жас спортшылардың тәжірибе жинақтап, өсіп-өнуіне тамаша орын болып саналады.

Турнирге көптеген көрермендер мен жанкүйерлер келеді деп күтіліп отыр.

Өзгелердің жаңалығы