Астана қаласы мәслихат депутаттарын тіркеді

29 Наурыз 2023, 15:47
1607
Бөлісу:
Астана қаласы мәслихат депутаттарын тіркеді
Фото: автордан

19 наурызда сайланған Астана қаласы мәслихатының VIII сайланымы депутаттарын тiркеуі өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мәслихат депутаттарын сайлау өткен жылғы референдумнан бастама алған ауқымды сайлау процесін аяқтады. Осы сайлаудың жаңа форматы азаматтардың саяси науқанға қатысу мүмкіндігін арттырды, - деді Астана қалалық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Бахыт Бектемісова.

Астана қаласы мәслихатының 34 депутаты сайланды. Қалалық мәслихат депутаттары аралас жүйе бойынша партиялық тізімде 50%, бірмандаттық округ бойынша 50% сайланды.

Астана қаласы мәслихат депутаттарын тіркеді

Саяси партиялар үшін депутаттық мандаттар келесідей бөлінген:

“Amanat” партиясы - 12 мандат;
Қазақстан халық партиясы - 1 мандат;
“Ақ жол” демократиялық партиясы - 3 мандат;
“Байтақ” Жасылдар партиясы - 1 мандатқа ие болды.

Осы орайда, Астана қаласы мәслихат депутаттарын тіркеп, арнайы төсбелгі мен куәлік табысталды.

Сайланған депутаттардың орта жасы 46-да ал, ең жасы 24- те. Ең үлкені 63 жаста.

Мамандықтары бойынша  7 заңгер -7 , экономист- 9, инженер-7, дәрігер - 4, педагог - 2, журналист -2 , басқа маман иелері бойынша 3 адам сайланды.

«АMANAT» партиясы» Астана қалалық филиалының партиялық тізімі бойынша:

- Адамбеков Кендебай Сарыбайұлы
- Дәкенов Ерлан Ерғазыұлы
- Жәкенов Берік Оралұлы
- Зейнұлқабден Табиғат
- Каналимов Ерлан Ермекұлы
- Қасымбергебаев Бауыржан Тілеубергенұлы
- Мағзұм Арсланбек Талғатұлы
- Сағымбаев Абзал Екрамбекұлы
- Сұлтанқызы Ләйлә
- Оразалина Динара Аманболқызы
- Өтешев Нұрлан Сүлейменұлы
- Табулдина Алтыншаш Жұмашқызы

«АҚ ЖОЛ» демократиялық партиясы Астана қалалық филиалының партиялық тізімі бойынша:

- Ыбраев Қанат Сұлтанұлы
- Құлмағамбетова Жанаргүл Жұмабайқызы
- Смағұлов Асқар Сайлаубекұлы

«Байтақ» жасылдар партиясы Астана қалалық филиалының партиялық тізімі бойынша:

- Самамбетов Мәулен Естайұлы

«Қазақстан Халық партиясы» Астана қалалық филиалының партиялық тізімі бойынша:

– Есенжолов Еркеғали Темірғалиұлы сайланды.

Ал бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша келесідей:

№ 1 сайлау округі бойынша - Сергеев Владислав Алексеевич;
№ 2 сайлау округі бойынша - Байсеркина Динара Сәтжанқызы;
№ 3 сайлау округі бойынша - Өмірзақов Азамат Тұрсынбекұлы; 
№ 4 сайлау округі бойынша - Әжікенова Мадина Берікболқызы;
№ 5 сайлау округі бойынша  - Айтқожин Азамат Серікұлы;
№ 6 сайлау округі бойынша - Көпешов Нұрлан Маратұлы;
№ 7 сайлау округі бойынша  - Женалаева СалтанатМұқанбетпанақызы;
№ 8 сайлау округі бойынша - Естек Қанат Ғалымжанұлы
№ 9 сайлау округі бойынша - Төлеген Бахаргүл;
№ 10 сайлау округі бойынша - Мүслім Нұрлан Сарбайұлы;
№ 11 сайлау округі бойынша - Орынбасаров Азамат Манасұлы; 
№ 12 сайлау округі бойынша - Самидин Сәуле Самидинқызы;
№ 13 сайлау округі бойынша - Тәжімұратов Ғабит Қалиұлы;
№ 14 сайлау округі бойынша - Лория Давид Григорьевич;
№ 15 сайлау округі бойынша - Смайылов Бауыржан Амангелдіұлы;
№ 16 сайлау округі бойынша - Ерғалиев Талғат Файзоллаұлы;
№ 17 сайлау округі бойынша - Рахмет Жандос Қанатұлы.

Өзгелердің жаңалығы