Астана полицейлері гараждан 25 кг гашиш тапты

27 Сәуір 2022, 12:01
1183
Бөлісу:
Астана полицейлері гараждан 25 кг гашиш тапты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорда полицейлері гараждан «гашиш» есірткі затын тапты, деп хабарлады қалалық ПД баспасөз қызметі.

Елордалық полицейлер елорда аумағында аса ірі көлемде есірткі заттарын өткізу «арнасын» жою бойынша арнайы операция жүргізді. 

«Құқықтық тәртіп» жедел-алдын алу іс-шарасы аясында жүргізілген ұзақ мерзімді арнайы жедел-тергеу іс-шараларының нәтижесінде елорданың 39 жастағы тұрғыны ұсталды.

Нұр-Сұлтан қаласының полицейлері Кинологиялық қызмет орталығының иттерін пайдалана отырып тінту барысында «Мирный» гараж кооперативінен полиэтилен қап табылды және оның ішінде «гашиш» есірткі заты болған. Сатуға дайындалған заттың салмағы 25 келіні құрады.

Нұр-Сұлтан қаласы ПД  Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы полиция полковнигі Ерлан Акбаровтың айтуынша, бұл жағдайда тәркіленген есірткі құралдарының саны есірткіні тұтыну үшін 5000 бір реттік дозаны құрайды, олардың құны «қара нарықта» 30 миллион теңгені құрайды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. 

Күдікті өз кінәсін мойындады. Елорда аумағында есірткі жеткізуге және өткізуге қатысы болуы мүмкін басқа да адамдар анықталуда.

Өзгелердің жаңалығы