«Астана» өз алаңында «Мақтааралдан» басым түсті

6 Мамыр 2023, 22:24
757
Бөлісу:
«Астана» өз алаңында «Мақтааралдан» басым түсті
Фото: qazaquni.kz

Бүгін футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің 8-турында «Астана» жеңіске жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Елордалық «Астана» өз алаңында Түркістан облысының «Мақтарал» командасын қабылдады.

Турнир кестесінде командалар жағдайы түрліше. Елордалық клуб алдыңғы орындарда келе жатса, түркістандық ұжым көш соңында тұр.

Ойын барысында «Астана» басымдық көрсетті. Нәтижесінде олардың қатарынан Эльхан Астанов 8, Абат Айымбетов 29-минуттарда мергендік танытты.

Қарсыласын таза ұтқан «Астана» кездесуді 2:0 есебімен аяқтады.

Енді 21:00-де «Ордабасы» (Шымкент) мен «Қайсар» (Қызылорда) шеберлік байқасады.

Ал, 7 мамырда «Жетісу» (Талдықорған) мен «Оқжетпес» (Көкшетау), «Каспий» (Ақтау) мен «Атырау», «Шахтер» (Қарағанды) мен «Қызылжар» (Петропавл) командалары ойнайды.

Өзгелердің жаңалығы