Astana Media Week: Цой коронавирус және халықпен байланыс туралы айтты

28 Қыркүйек 2021, 13:00
8122
Бөлісу:
Astana Media Week: Цой коронавирус және халықпен байланыс туралы айтты

 

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой пандемия жағдайында фейк ақпараттармен күресіп, халықпен байланысты қалай орната алғанын айтып берді.


 

Министр Astana Media Week – 2021 апталығы аясында «Жаңа, ковидтан кейінгі әлемдегі қоғам және БАҚ» тақырыбында өткен дөңгелек үстелде баяндама жасады.

 

COVID-19 коронавирус індеті қоғамға, экономика секторына, қауымдастықтарға және әр отбасыға ең ауқымды жаһандық сын-қатер болды. Вирустың таралып, ауру өршіп, денсаулық саласындағы дағдарыс кезінде бар ресурстарға жүктемелерді байқадық. Былтыр ДДСҰ инфекциямен күрестегі стратегиясында пандемия белгілерін айқындайтын үш негізгі бағытты айтқан болатын. Біріншісі, жылдамдығы мен ауқымы. Ауру жұқтыру әлемнің түкпір-түкпіріне тарады, - деді Цой. 

Оның айтуынша, тез таралғаны сонша денсаулық жүйесінің ең тұрақты деңгейіне де әсерін тигізді.

Екіншісі, ауырлық дәрежесі. Жалпы жағдайдың 20%-ы ауыр немесе өте ауыр деп бағаланып, қосымша ауруларына және жасына байланысты көбейе береді. Ал үшіншіден денсаулық сақтау мен әлеуметтік сала әлеуметтік-экономикалық тұрақтандыру мен шокты басынан өткерді.

Пандемия кезінде халық жоғары қысымға тап болды. Ол дүрбелеңге алып келді, сондай-ақ толық ақпараттың жетіспеуі сезілді. Себебі бұл – жаңа індеттің бір түрі. Онымен әлемде қалай күресу керегін ешкім білмеді. Сондықтан әр қадам халықаралық қауымдастықпен бірлесе шешіліп, жеке түсіндіру арқылы жүргізілді. Байқағанымыздай, қажетті дәрі-дәрмекке, ПТР тестке және COVID-19-бен күрес кезіндегі жұмыстарды қолдау бойынша сұраныстарға, жеке қорғаныш құралдарына жетіспеушілік болды. Осылайша нарықта тапшылық болып, дүрбелең пайда болды. Осы ретте мемлекет тез арада әрекет етіп, Үкімет Ведомствоаралық комиссия жұмысын құрып, әр қадамды бақылап отырды, - деп атап өтті Денсаулық сақтау министрі. 

Министр атағандай, қазір елімізде жеке лаборатиялардың әлеуеті көтерілді. Осы ретте ПТР тестін тапсыруға болады. Одан бөлек, елімізде 17 жаңа жұқпалы аурулар емханасы салынды. Жедел жәрдем көліктерімен 100% қамтамасыз етілді.

Жалпы жағдайды бақылауға алдық. Енді бұл жерде ең маңызды мәселенің бірі – қоғаммен байланыс болды. Ол үшін арналар тұрғындарға объективті ақпаратты жеткізу бойынша жұмыс істеді. Осы ретте дұрыс ақпарат көзін таңдау маңызды болды. Ақпарат және қоғаммен байланыс министрлігінің coronavirus2020.kz сайты мен Денсаулық сақтау министрлігінің арналары халыққа объективті ақпаратты жеткізумен айналысты, - деді ол. 


 


 

Өзгелердің жаңалығы