Астана маңында бір үйір жылқыны пойыз қағып кетті

18 Наурыз 2022, 17:50
1991
Бөлісу:
Астана маңында бір үйір жылқыны пойыз қағып кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Оқиға 18 наурызда сағат 3:00 шамасында Нұр-Сұлтан қаласынан 64 шақырым қашықтықта орналасқан «Еркіншілік-Сарыоба» аралығында болған.

Бұл туралы Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жүк пойызының машинисі қараңғы уақытта темір жолда жүрген малдарды бірден байқамай, 20 бас жылқыны қағып кетті. 

Тексеру барысында көлік полицейлері 44 жастағы малшыны анықтады. Ол түнгі уақытта жылқыларды қараусыз қалдырған. 

Ер адамға қатысты ӘҚБтК-нің 559-бабы, яғни темiржолдардың бөлінген жолағында мал жаю қағидаларын бұзу фактісі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды. 

Өзгелердің жаңалығы