Astana LRT-дегі өрттен кейін пойыз қозғалысы қайта жанданды

«Сығанақ» пен «Бәйтерек» арасындағы кабельдің жануынан кейін LRT қозғалысы уақытша тоқтаған еді. CTS оқиғаның немен аяқталғанын мәлімдеді.

Бүгiн 2026, 17:31
АВТОР
 ©BAQ.KZ архиві/Артём Чурсинов Бүгiн 2026, 17:31
Бүгiн 2026, 17:31
130
Фото: ©BAQ.KZ архиві/Артём Чурсинов

Astana LRT пойыздарының қозғалысы толық қалпына келтіріліп, жүйе штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Бұл туралы «City Transportation Systems» ЖШС хабарлады.

Компанияның мәліметінше, бүгін сағат 13:28-де «Сығанақ» пен «Бәйтерек» стансаларының аралығында кабельдің жануынан өрт шықты.

Оқиғаға байланысты жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында пойыздардың қозғалысы уақытша тоқтатылған.

Мамандар өртті жедел түрде сөндіріп, инфрақұрылымның жай-күйіне толық тексеру жүргізген. Қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі расталғаннан кейін пойыздардың қозғалысы толық көлемде қайта жанданған.

«City Transportation Systems» ЖШС мәліметінше, қазіргі уақытта жүйе штаттық режимде жұмыс істеп тұр.

Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.

Наверх