"Астана айналма жолы" автожолының учаскесінде жөндеу жұмыстары басталды

21 Мамыр 2024, 18:45
362
Бөлісу:
"Астана айналма жолы" автожолының учаскесінде жөндеу жұмыстары басталды
Фото: Елорда әкімдігі

Р-10 "Астана айналма жолы" автожолының учаскесінде жөндеу жұмыстары басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ "ҚазАвтоЖол" ҰК» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

25 мамырға дейін Р-10 "Астана айналма жолы" автомобиль жолының 46-53 шақырымы учаскесінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

"Астана айналма жолы" автожолының учаскесінде жөндеу жұмыстары басталды
 "ҚазАвтоЖол" ҰК» АҚ

Бұл учаскеде жол қозғалысына ішінара шектеу қойылады. Соған байланысты айналма жолдар арқылы қозғалысты алдын ала жоспарлау қажет, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы