Бақыт Сұлтанов: Астананың соңғы, Нұр-Сұлтанның алғашқы әкімі атандым

31 Желтоқсан 2019, 12:56
6234
Бөлісу:
Бақыт Сұлтанов: Астананың соңғы, Нұр-Сұлтанның алғашқы әкімі атандым

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов қазақ елін жаңа жыл мерекесімен құттықтады.

Құрметті достар! Сіздерді Жаңа 2020-шы Жылмен құттықтаймын! Өткен жылда елімізде көптеген маңызды оқиғалар болып өтті. Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қызметін тоқтатып, Мемлекет басшысы болып Қасым-Жомарт Тоқаев сайланды, ол бәсекелестерінен басым түсіп, президенттікке қол жеткізді. Еліміздің астанасы Тұңғыш Президенттің атын иеленді. Мен де Астана қаласының соңғы әкімі және Нұр-Сұлтан қаласының бірінші әкімі болу құрметіне ие болдым - деді ол өз құттықтауында.

Оның сөзіне қарағанда, Тәуелсіз Қазақстан тарихында алғаш рет Сауда министрлігі құрылып, шетелдік нарықтарда өз өндірушілеріміздің мүдделерін қолдауды күшейту жұмысы басталды.

Өкінішке орай, біраз қайғылы жағдайлар да орын алды. Жылдың соңында Алматының түбінде әуе апаты болды. Оған кінәлілердің табылатынына және лайықты жазаларын алатынына сенімдімін. Барлық қазақстандықтарға денсаулық, бақыт жәге сәттілік тілеймін. Жаңа Жыл біздерді тек жақсылығымен ғана қуантсын! Қазақстанға және оның барлық азаматтарына бейбітшілік, адалдық тілеймін және еліміз одан әрі гүлдене берсін! Жаңа Жылдарыңызбен, достар! - деді ол.
Өзгелердің жаңалығы