Ассы-Түрген обсерваториясына кіруге шектеу қойылды

Бөлісу:
Ассы-Түрген обсерваториясына кіруге шектеу қойылды
PHOTO
Фото: Telegram/kris_p_almaty_official

Әлеуметтік желілерде үстірттің аумағында қоршаулар салынып, саяхаттауға тыйым салынғаны туралы белгілер ілінгені жайлы ақпарат тараған еді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Астрофизикалық институттың директоры Рашит Валиуллин аталған жағдайға түсініктеме берді.

Ассы-Түрген обсерваториясының аумағына қоршаулар ілінді. Осылайша біз аумақты қоқыстан сақтай аламыз. Бұл жерде әдеттегідей көлік тұрағы, кемпинг, т.б. жерлер енді жоқ. Обсерватория арқылы малды жайылымдық жерлерге айдау мүмкіндігі қалды. Туристердің обсерватория аумағы арқылы жүруіне рұқсат беру туристік компаниялармен келісе отырып жасалады. Туристік компания қоқыстарын жинап кетуге жауапты болады, - дейді Астрофизикалық институттың директоры Рашит Валиуллин.

Обсерватория БАҚ құралдарында жарияланған мақаладан кейін экологиялық айыппұл төлеуге мәжбүр болғанын атап өтті.

Ассы-Түрген обсерваториясына кіруге шектеу қойылды

Біздің аумақты туристер ластап, әлеуметтік желілерде жарыса жариялағаннан кейін институт экологиялық айыппұл төлеуге, ал Алматы облысының әкімдігі бұл аумақтан ірі көлемдегі қоқыстарды шығаруға мәжбүр болды, - дейді Рашит Валиуллин.

Еске сала кетейік, елімізге саяхаттап келген Якутияның тумасы шашылған қоқыстарды айтып, бейнеролигін әлеуметтік желіде жариялаған еді. Аталған жағдайдан кейін Алматы облысының әкімдігі Ассы үстіртінен 28 тонна қоқыс шығарған еді.

Өзгелердің жаңалығы