Асқар Жұмаділдаев жастарға кеңес берді

30 Қараша 2022, 14:50
1197
Бөлісу:
Асқар Жұмаділдаев  жастарға кеңес берді

Жаһандану кезеңінде ұлттық құндылықтарымызды қалай сақтап қаламыз? Жастар нені білуі керек? Белгілі ғалым және қоғам қайраткері, физика-математика ғылымдарының докторы Асқар Жұмаділдаев  жауап берді, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

Әрине, ғылымның бәрі бірдей. Оның жаманы мен жақсысы деген жоқ. Бірақ осы заманның талабы - электрониканы білу.  Сондықтан оны рөлі басым болады. Алайда, мұнымен шектеліп қал деген сөз емес.  Әр қазақтың баласы өзінің тарихы мен әдебиетін терең білуі керек. Сонымен қатар ғылымға да жақын болуы тиіс, - деді профессор.

Жұмаділдаевтің айтуына қарағанда, ұлтын сүю ең алдымен отбасынан басталады.

Әлемдегі өзгеріс кезінде әр азамат ұлттық құндылықтарын сақтап қалу үшін оның логикасы дұрыс болуы керек. Ол үшін, әрине математика секілді ғылымның септігі зор болады. Егере логика мен түсінік дұрыс болатын болса, қалғаны біртіндеп келеді. Екі жерде екі неше болатынын білсеңіз? Қай жақтан шыққанымызды білсек, ана тілімізде сөйлесек қалғанының бәрі өз орнына түседі, - деді ол.

Еске сала кетейік, бұған дейін Парламенті Мәжілісінің депутаты Ерлан Сайыров шекара шетіндегі Қатонқарағай, Марқакөл, Тарбағатай аудандарын қайта ашу керек екенін айтқан болатын. 

Өзгелердің жаңалығы