Ұлттық тұрақтылық мәселесіне кері әсер етеді. Депутат шекара шебіндегі шешілмеген мәселені айтты

30 Қараша 2022, 14:27
1577
Бөлісу:
Ұлттық тұрақтылық мәселесіне кері әсер етеді. Депутат шекара шебіндегі шешілмеген мәселені айтты

Парламенті Мәжілісінің депутаты Ерлан Сайыров шекара шетіндегі Қатонқарағай, Марқакөл, Тарбағатай аудандарын қайта ашу керек екенін айтты, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

Шығыс Қазақстан облысының Қатонқарағай, Марқакөл аудандарының шекаралық мәселесі бар. Меніңше, қазіргі таңдағы геосаяси жағдайда біз территоримыздың мызғымастығын қамтамасыз етуіміз керек. Сондықтан Қатонқарағай, Марқакөл және Тарбағатай  аудандарын қайта құруымыз керек, - деді Ерлан Саиров.

Сайыровтың айтуынша, бұл аймақтан халық тоқтаусыз көшіп жатыр.

Шекарада халықтың көп шоғырлануы - қауіпсіздікке кепілдік.  Біріншіден, халқы саны көп Қытаймен шекаралас аумақ. Екіншіден, Ресей, Моңғолия және Қытай мемлекеттерімен шектесіп тұрған жер. Жәнеде, Қатонқарағай мен Марқакөлде де ЮНЕСКО тізіміне енген ұлттық парктер бар. Сондықтанда бұл жақтағы халықтың экономикалық әлеуетін ұстап тұру өте маңызды. Егер ол жақтан халықтың бәрі көшіп кететін болса, ертеңгі күні тұрақтылық мәселесіне кері әсер етуі мүмкін, - деді Парламенті Мәжілісінің депутаты.

Өзгелердің жаңалығы