Әскери ұшқыштар шеберліктерін шыңдады

12 Қаңтар 2023, 20:56
1268
Бөлісу:
Әскери ұшқыштар шеберліктерін шыңдады

Әскери-әуе күштерін даярлау жоспарына сәйкес әскери-көлік авиациясының ұшқыштары оқу-жаттығу ұшуларын орындау үстінде, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 

Ұшқыш болу, әсіресе әскери ұшқыш болу, оңай емес. Біріншіден, Әскери-әуе күштері қатарына денсаулығы мықты және психологиялық тұрғыда мығым жастар қабылданады. Екіншіден, үміткердің зияткерлік деңгейі де маңызды, оның нақты ғылымдар мен техникаға бейімділігі құпталады. Бұл мамандықтың жолы Ақтөбедегі Әуе қорғанысы күштерінің әскери институтында оқудан басталады. Ондағы білім ордасында курсанттарды ұшу аппараттарын басқаруға, әуе кемесінің ақауларын өз бетінше жоюға, әр түрлі, оның ішінде жауынгерлік жағдайларда әрекет етуге үйретеді. 

Әскери ұшқыштар шеберліктерін шыңдады

Әскери-көліктік авиация ұшқыштары көп жағдайда 5-6 сағатқа созылуы мүмкін ұзақ тоқтаусыз рейстер жасайды. Олар жеке құрамды, арнайы армия жүктерін, қару-жарақты тасымалдауға байланысты түрлі міндеттерді орындайды. 

Алматы авиабазасы әуе кемесі командирінің көмекшісі капитан Наурызбай Тұрманов қазіргі уақытта Қарулы күштерде жауынгерлік даярлық іс-шараларының санының өсуіне орай әскери-көліктік авиацияға қажеттілік артқанын айтады.

Қазіргі уақытта әскери-көліктік авиация С-295 Airbus Millitary, Ан-26 және Ан-72 ұшақтарымен жабдықталған. Олардың көмегімен біз көптеген міндеттерді атқарамыз, сондай-ақ жас буын ұшу құрамының ұшу шеберлігі мен дағдыларын үнемі арттыра отырып, оқытамыз, – деді ол. 

Әскери ұшқыштар шеберліктерін шыңдады

Жауынгерлік дайындық бойынша сабақтардың артуына байланысты 2022 жылы бір әскери-көліктік авиация ұшқышына орташа рейд шамамен 400 сағатты құрағанын атап өткен жөн. Биыл Қорғаныс министрінің талаптарына сәйкес жауынгерлік оқудың қарқыны артатын болады.

Әскери ұшқыштар шеше алатын міндеттердің күрделілігі мен жан-жақтылығының арқасында олар өз ісінің нағыз мамандары болуына мүмкіндік көп.

Өзгелердің жаңалығы