Әскери қалашықта сарбаз қайтыс болды

23 Сәуір 2022, 12:53
1964
Бөлісу:
Әскери қалашықта сарбаз қайтыс болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қорғаныс министрлігі қайтыс болған сарбаздың туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтты. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.

2022 жылғы 22 сәуірде Гвардейск әскери қалашығындағы госпитальде қатардағы жауынгер Қалбай Әлібек Саламатұлы қайтыс болды. 

Таңертең сапта тұрған жауынгер кенеттен есінен танып қалған. Әскери қызметшіге қажетті медициналық көмек көрсетілгенмен, ол есін жимаған күйі қайтыс болған. Жас жігіт биыл көктемде Маңғыстау облысынан мерзімді әскери қызметке шақырылды, - делінген хабарламада.

Сарбаздың өліміне қатысты тексеру жұмыстары басталды. 

Қорғаныс министрлігінің басшылығы мен Қарулы күштердің жеке құрамы Қалбай Әлібек Саламатұлының туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады.

Өзгелердің жаңалығы