Әскери қызметшілер арасында COVID-19 жұқтыру көрсеткіші азайды

19 Қаңтар 2021, 12:09
1456
Бөлісу:
Әскери қызметшілер арасында COVID-19 жұқтыру көрсеткіші азайды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде жауынгерлік даярлық жоспары бойынша бөлімше құрамында іс-шаралар жалғасып жатыр. 

Оның бәрі елдегі санитарлық-эпидемиологиялық ахуалды ескере отырып, барынша ұрыс жағдайына келтіріліп жүргізілді. Сонымен қатар COVID-19 әрі қарай таралауын жою жөнінде шаралар қабылдануда.

Қазіргі уақытта елде COVID-19 таралу қарқыны артып келеді. «Қызыл» аймақта Астана, сондай-ақ Ақмола, Атырау, Қостанай және Павлодар облыстары орналасқан. Осыған қарамастан, ҚР Қарулы күштерінде сырқаттанудың өсуі төмендегені байқалады.

ҚР Қорғаныс министрі генерал-лейтенант Нұрлан Ермекбаев қорғаныс ведомствосында өткен аппарат кеңесінде Қарулы күштердегі эпидемиологияға қарсы ахуал туралы бас әскери-медициналық басқармасының ақпаратын  тыңдады. 

аскер ковид1.jpeg


Соңғы жеті тәулікте әскери қызметшілер арасында COVID-19 жұқтыру жағдайы өткен аптаға қарағанда 16%-ға төмендеді.

Қарулы күштердің екі ПТР-зертханасы базасында 800-ден астам диагностикалық зерттеулер жүргізілді. Ақтау мен Семейде тағы екі жаңа медициналық зертхана кешенін өрістету бойынша шаралар қабылданды, оларды пайдалануға беру үшін қажетті құжаттар ресімделеді.

 «Қызыл» аймақтағы жеке құрамның кемінде 80 пайызы қашықтықтан жұмыс істеу түріне ауыстырылатын болады, бұқаралық іс-шаралар мен топтық сабақтар өткізуге тыйым салынады.

Келісімшарт қызметінің әскери қызметшілері үшін мамандық бойынша оқыту бағдарламалары және үй жағдайында орындауға арналған дене жаттығуларының кешені әзірленді. Карантиннен шығу бойынша әскери қызметшілердің дене даярлығы деңгейін және оқу материалын меңгеру сапасын тексеру ұйымдастырылады.

Қорғаныс ведомствосының басшысы Қарулы Күштер мен бөлімшелердің басшылығына карантин режимін сақтау мәселелерін ерекше бақылауда ұстауды, сондай-ақ таяудағы тоқсан ішінде елдегі эпидемиологиялық ахуалдың күрт шиеленісуіне жедел және барабар ден қоюды тапсырды.

аскер ковид2.jpeg

ҚР Қорғаныс министрлігінде өткен аппараттық кеңесінде қысқы жағдайлар мен коронавирустың таралуы жауынгерлік даярлықтың жоспарланған іс-шараларын іске асыру қажеттілігін жоймайтынын, сонымен қатар, оның барысына ұдайы түрде назарға алынатынын атап өтті.

Қазіргі уақытта базалық әскери буын - бөлімшелерді даярлау нақты атыс міндеттерін шешумен әртүрлі ұрыс түрлеріндегі іс-қимылдар кезінде өзара іс-қимылдың үйлесімділігін жетілдіруге, бөлімшелер командирлерін өз бағыныстыларын басқаруға үйретуге, жеке құрамның далалық дағдысын жетілдіруге бағытталған.

Әскери атыс алаңдары мен оқу-тактикалық полигондарда бүгінгі таңдағы дайындықтың соңғы кезеңінде дәстүр бойынша оқытуда пайдаланылатын қару-жарақтың барлық түрлерінен жауынгерлік атыс өтеді. Бұл ретте атыстардың кем дегенде 30%-ын өткізу тәуліктің түнгі уақытында жоспарланған.

Құбылмалы әскери-тактикалық жағдайларды ескере отырып, ҚР Қорғаныс министрі фортификациялық құрылыстар мен инженерлік позицияларды жабдықтау, ұшқышсыз ұшу аппараттарына қарсы іс-қимыл элементтері бойынша сабақтар өткізу қажеттігін атап өтті. Бұл ретте генерал-лейтенант Ермекбаев барлық деңгейдегі командалық құрамның назарын жаттығулар өткізу кезінде қауіпсіздік шараларын сақтауға аударды.

Дала сабақтарында жеке құрамның суықтап қалуы мен үсік шалу оқиғаларын болдырмау жайлы шаралар қабылдау қажет. Жылыну пункттерін ашып, әскери қызметшілерді жылы киім-кешекпен және ыстық тамақпен қамтамасыз ету керек, – деп атап өтті ол.


Өзгелердің жаңалығы