Әскери бөлімдерде дауыс беру мерзімнен бұрын аяқталды

10 Қаңтар 2021, 12:06
1149
Бөлісу:
Әскери бөлімдерде дауыс беру мерзімнен бұрын аяқталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарулы Күштердің әскери қызметшілері Парламент Мәжілісінің депутаттарын сайлауға қатысуда.

Офицерлер мен келісімшарт бойынша әскери қызметшілер тұрғылықты жерлері бойынша сайлау учаскелерінде дауыс береді. Мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер және әскери оқу орындарының курсанттары үшін әскери бөлімдер мен мекемелерде 19 сайлау учаскесі құрылған болатын.

Заң бойынша бұл учаскелер 1 сағатқа ерте ашылып, тізімге енгізілген барлық сайлаушылар дауыс берген соң жұмыстарын аяқтауға тиіс болатын.

Осы уақытқа дейін барлық 19 сайлау учаскесінде дауыс беру аяқталды. 

Жүздеген әскери қызметшілер үшін бұл алғаш рет қатысқан сайлау болғанын айта кеткен жөн.

Бүгін мен бірінші рет депутаттар сайлауына қатыстым. Сайлауға  келу – тек құқығымыз ғана емес, әрбіріміздің міндетіміз. Дауыс беру арқылы біз болашағымызға таңдау жасаймыз, - деді танк бригадасының механик жүргізушісі қатардағы жауынгер Рүстам Нүркеев.
Өзгелердің жаңалығы