Әскери бөлім жаңа техникамен толықты

24 Сәуір 2025, 09:41
258
Бөлісу:
Әскери бөлім жаңа техникамен толықты
PHOTO
Фото: Әскери бөлімнің баспасөз қызметі

Абай гарнизонындағы инженерлік-саперлік полкінің автопаркі жаңа үлгідегі техникалармен толықты, деп хабарлайды BAQ.kz тілшісі.


"Шығыс" өңірлік қолбасшылығына қарасты 54770 әскери бөліміне бір дана жаңа үлгідегі "ЭУ-195" экскаватор, екі дана әмбебап жол талғамайтын машиналары және күрделі жөндеуден өткен инженерлік қоршау машинасы жеткізілді. Әскери бөлімнің жеке құрамы техникаларды "Жалпақ" станциясынан арнайы эшелоннан түсіріп алды.

Әскери бөлім жаңа техникамен толықты

54770 әскери бөлімі командирінің техникалық қамтамасыз ету бойынша орынбасары майор Батыржан Шоқанұлының айтуынша, бұл техникалар ұрысты кезінде жауынгерлік даярлықты арттырады. Сонымен қатар табиғи және техногендік төтенше жағдайлар салдарын жою мен алдын алу бойынша көптеген іс шараларда қолданылады.

Әскери бөлім жаңа техникамен толықты

“Бұл техникалардың негізгі мақсаты жауынгерлік даярлықтың артуына септігін тигізеді. Атап айтатын болсақ жаңа үлгідегі жаңа экскаватор "ЭУ-195" қазу жұмыстарын жүргізссе, әмбебап жол талғамайтын машиналары жол жасау жұмыстарына жұмылдырады, ал инженерлік қоршау машинасы жол үстіндегі өткелдерді тазалауға қолданылады. Аталған әскери техникалардың көмегімен жауынгерлік тапсырмаларды әрқашан жоғары дәрежеде орындайтын боламыз”- деді Батыржан Шоқанұлы.

Әскери бөлім жаңа техникамен толықты
Өзгелердің жаңалығы