Әскери альпинистер жүлдегер атанды

14 Наурыз 2021, 20:45
1179
Бөлісу:
Әскери альпинистер жүлдегер атанды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еліміздің оңтүстік астанасында өткен жарыста әскери спортшылар алтын және күміс жүлделерді қанжығаларына байлады. Alpine Race жарысы «Шымбұлақ» тау шипажайында «Экстремалды атлетика» фестивалі аясында өтті.

Әскери альпинистер жүлдегер атанды

Жетінші мәрте өтіп жатқан турнирге 400-ден астам білекті атлеттер қатысты. Жанкүйерлер скайраннинг, ски-альпинизм және снегоступинг сайысында кімнің мықты, жылдам, әрі төзімді екендігін анықтады.

Әскери альпинистер жүлдегер атанды

Орталық спорт клубының спортшы-нұсқаушылары ски-альпинизм сайысында ерекшеленді. Сайыстың осы түрінде спорттық бағдарлау бойынша халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Irbis Race және Tengri Ultra Trail жеңімпазы капитан Денис Власов бірінші орынға ие болса, халықаралық дәрежедегі спорт шебері ефрейтор Дмитрий Адамович күміс жүлдегер атанды.

Әскери альпинистер жүлдегер атанды

Жарыс өте тартысты өтті. Бұл жолы алғаш рет бізде техникалық және жаяу учаскелері бар толыққанды шаңғы ски-альпинизмі болды. Ски-альпинизм - бұл шаңғы мен белсенділіктің үйлесімі. Мұнда физикалық дайындық қажет, бірақ ең бастысы – ынта-жігер. Alpine Race Қазақстандағы және ТМД елдеріндегі жалғыз фестиваль, ол тек Эльбруста ғана өтеді, - деп бөлісті жарыс жеңімпазы капитан Денис Власов.

Өзгелердің жаңалығы