Әскерге барудан жалтарғандарға қандай жаза бар?

Қазақстанда 21 мыңнан астам азамат әскерге шақырылады.

 ©BAQ.KZ архиві Бүгiн 2026, 15:02
Бүгiн 2026, 15:02
101
Фото: ©BAQ.KZ архиві

Биыл көктемгі әскерге шақыру кезінде Қазақстаннан 21 мыңнан астам азамат әскер қатарына алынады. Бұл туралы Қорғаныс министрінің орынбасары Асқар Мұстабеков мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Оның айтуынша, осы 21 мың шақырылушының 11 мыңнан астамы Қарулы күштердің қатарына жіберіледі, ал қалғандары өзге әскерлер мен әскери құрылымдарға бөлінеді.

Сондай-ақ вице-министр енді әскерге шақыру қағаздары азаматтарға SMS арқылы немесе eGov порталы арқылы жолданатынын еске салды.

Журналистер мұндай шақыртуды елемеген жағдайда қандай жаза қарастырылатынын сұрады.

Әкімшілік жауапкершілік те бар, қылмыстық жауапкершілік те бар. Қазір ондай жағдайлар кездеседі. Нақты қанша екенін айта алмаймын, өйткені статистика күн сайын өзгеріп отырады, – деп жауап берді Қорғаныс министрінің орынбасары Сенатта өткен брифингте.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда сарбаздарға смартфон қолдануға рұқсат берілгені хабарланды. 

Тағы оқи отырыңыздар:

«Жігіттерді кафеден әскерге күштеп әкетіп жатыр»: Қорғаныс министрлігі жауап берді

Қазақстанда 7 және 9 мамыр қалай аталып өтеді: Қорғаныс министрлігі түсіндірді

Өскемендегі сарбаз өлімі: Прокуратура марқұм мен тағы 6 сарбазға қысым көрсетілгенін анықтады

Наверх