Әскерге барғандарға қандай жеңілдіктер жасалады? Жүсіпов жауап берді

25 Ақпан 2022, 11:24
2301
Бөлісу:
Әскерге барғандарға қандай жеңілдіктер жасалады? Жүсіпов жауап берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Қарулы Күштері Бас штабы ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментінің бастығы Сәкен Жүсіпов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты. 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісінің отырысында маңызды проблеманы атап өтті. Ол – көп азаматтың әскери борышын өтеуден қашуы. Біздің міндетіміз – жастарды әскери қызмет өткеруге ерекше миссия болып табылатынын, әскери борышын орындауға ынталандыру. Қорғаныс министрлігі жас жігіттерді әскери қызметті өткеруге ынталандыруға бағытталған ұсыныс әзірледі, – деді ол. 

Жүсіпов атағандай, мерзімді әскери қызмет өткеру кезінде кредиттік каникул беру қаралып жатқанын айтты. 

Әскери қызметтің белгіленген қызметін өткерген кезде біржолғы ақшалай сыйақы төлеуге, білім беру секторы мен отбасы мүшелеріне коммуналдық қызмет төлеу кезінде жеңілдіктер беру туралы ұсыныстар мүдделі мемлекеттік  органдардың келісуінде жатыр. Ақша талап ету, туындаған мәселелерді шешу, ұзаққа созу жағдайлары бойынша немесе сыбайлас жемқорлық көріністері бойынша жедел шара қабылдау үшін «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесіне жүгіну қажет, - деді Сәкен Жүсіпов. 

 

 

Өзгелердің жаңалығы