Әскерден келген соң екі ай несие төлемеуге болады

Әскерге шақырылғандардың несиесі қызметтен кейін де екі айға тоқтатылады.

Бүгiн 2026, 12:08
АВТОР
 ©BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов Бүгiн 2026, 12:08
Бүгiн 2026, 12:08
312
Фото: ©BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов

Мәжіліс кулуарында Қорғаныс министрінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары Асқар Мұстабеков әскери жиынға шақырылған және несие міндеттемелері бар азаматтарға қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Оның айтуынша, қазіргі таңда несиелерді кейінге қалдыру немесе тоқтата тұру тетігі мерзімді әскери қызметке шақырылған азаматтарға ғана қолданылады.

Біз айтып отырған жеңілдік мерзімді әскери қызметке шақырылған азаматтарға қатысты. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, әскери қызмет өткеру кезеңінде олардың барлық несиелері тоқтатыла тұрады. Бұл жеңілдік әскери қызмет аяқталғаннан кейін азамат жұмысқа орналасуы үшін қосымша екі ай бойы сақталады, – деді Асқар Мұстабеков.

Ол әскери жиындар мен мерзімді әскери қызметтің құқықтық мәртебесі әртүрлі екенін атап өтті. Сондықтан әскери жиынға шақырылған, бірақ ресми жұмысы жоқ және несие не ипотекалық міндеттемелері бар азаматтарға қатысты қолданыстағы заңнамада мұндай жеңілдіктер қарастырылмағанын жеткізді.

Бұған дейін Қазақстанда қазіргі уақытта 42 офицер бала күтіміне байланысты демалыста жүргені жайлы жазған едік.

Наверх