«Әскер аруы» фотобайқауының жеңімпаздары марапатталды

7 Наурыз 2023, 22:00
765
Бөлісу:
«Әскер аруы» фотобайқауының жеңімпаздары марапатталды
Фото: Қорғаныс министрлігінен

Астанадағы Қарулы күштердің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында «Әскер аруы» фотобайқауының марапаттауы өтті, деп хабарлады BAQ.KZ.

8 наурыз мерекесіне арналған байқауға әскери қызметші әйелдердің сауалнамалары мен фотосуреттері бар 50-ден астам өтінім келіп түскен. Қорғаныс министрлігінің ресурсына байқау шарттарында бекітілген техникалық талаптарға жауап беретін 26 фотосурет іріктеліп алынды.

Жеңімпаздар Қорғаныс министрлігінің instagram.com ресми парақшасында дауыс беру арқылы анықталды. «Әскер аруы» фотобайқауы әскери қызметшілердің сұлулығын ғана емес, сонымен қатар байқауға қатысушылар игерген мамандықтардың алуан түрлілігін де көрсетті.

Бас жүлдеге Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысы басқармасының баспасөз хатшысы, аға лейтенант Әсем Әбдірайымова (5,7 мың лүпіл) ие болды. Ол 2023 жылғы президенттік көпсайыстан Қарулы күштер чемпионатының жүлдегері, сондай-ақ қалалық волейбол әуесқойлары лигасының жүлдегері атанған «Diamond» волейбол командасының капитаны.

Лүпілдер саны бойынша тағы үш орын анықталды. Бірінші орынды Абай өңірлік гарнизоны әскери полиция басқармасы әскери полиция бөлімінің маманы, ефрейтор Камила Омарбекова (4,8 мың лүпіл) жеңіп алды. Екінші орын Қостанай облысы Рудный қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің есепке алу және жұмылдыру ресурстары қызметінің бастығы, аға сержант Адия Нұрпейісованың (3,2 мың лүпіл) еншісінде. Үшінші орынды 54380 әскери бөлімі байланыс торабының маман-механигі, ефрейтор Әзиза Әбдірайымова (3,1 мың лүпіл) иеленді.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер фотоконкурс атрибуттары бар дипломдармен және кәдесыйлармен марапатталды.

Өзгелердің жаңалығы