«Аshyq» мобильдік қосымшасын пайдалану ерікті түрде болады

3 Наурыз 2021, 10:12
1835
Бөлісу:
«Аshyq» мобильдік қосымшасын пайдалану ерікті түрде болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында «Елордадағы эпидемиологиялық жағдай және «Ashyq» пилоттық жобасының жүзеге асырылу барысы» тақырыбында өткен онлайн брифинг барысында Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова айтты.

Пилоттық жобаға қатысатын кәсіпкерлік объектілерде әлеуметтік-экономикалық объектілердің жұмысын шектеудің келесі қағидалары қолданылады:
-коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылық деңгейі жоғары өңірлерде (қызыл аймақ) коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылықтың орташа деңгейі үшін әлеуметтік-экономикалық объектілердің жұмысын шектеу қағидалары қолданылады (сары аймақ);
- коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылық деңгейі орташа өңірлерде (сары аймақ) коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылық деңгейі төмен әлеуметтік-экономикалық объектілердің жұмысын шектеу қағидалары (жасыл аймақ) қолданылады.

Пилоттық жобаға қатысатын кәсіпкерлік объектілерге келушілерді кіргізу, келушінің мәртебесін айқындау үшін арнайы QR-кодты сканерлеген жағдайда оларды кіреберісте немесе үй-жайдан шығарда көрсету үшін төмендегі шаралар жүзеге асырылады:

- «жасыл» мәртебе – келуші деректер базасында COVID-19-ға теріс нәтижемен ПТР-тестілеуден өткен ретінде белгіленген;
- «көк» мәртебе - ПТР-тестілеу нәтижесі жоқ, COVID-19науқаспен байланыс ретінде саналмайды;
- «сары» мәртебе - деректер базасында COVID-19 науқаспен байланыста болу ретінде көрсетілген;
- «қызыл» мәртебе - COVID-19 бойыншабазада оң нәтижемен тіркелген.

Келушіде смартфон болмаған жағдайда, кәсіпкерлік объектінің қызметкері келушінің мәртебесін оның келісімімен ақпараттық жүйеде тексереді.

Бұл жобаны енгізудегі басты мақсат – бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 67 қаулысының 36-қосымшасына сәйкес «сары» (COVID-19-мен байланыс), «қызыл» (COVID-19-ға оң нәтижемен) мәртебесіне орай оқшаулауға жататын пилотқа қатысатын кәсіпкерлік объектілеріне келушілердің кіруіне жол берілмейді. Оқшаулауға жататын келушілерді «сары», «қызыл» мәртебесіне сәйкес анықтаған кезде санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық департаменттерін хабардар ету қажет. Яғни, жоба қауіпсіз орта құруға және келушілерді вирустың таралу қаупінен қорғауға бағытталған. Бұл ретте, «Аshyq» мобильдік қосымшасын пайдалану ерікті екенін айта кеткен жөн, бизнес объектілерінің ешқайсысы да оны өздерінде енгізуге мәжбүрлемейді, - деді Сархат Бейсенова. 

Өзгелердің жаңалығы