«Ashyq» арқылы «қызыл» мәртебесі бар 5000-нан астам адам анықталған

29 Маусым 2021, 12:55
6066
Бөлісу:
«Ashyq» арқылы «қызыл» мәртебесі бар 5000-нан астам адам анықталған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл деректі Өңірлік коммуникациялар қызметіндегі баспасөз конференциясы барысында Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасы директорының құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасары Салтанат Лесбаева алға тартты.

Пилоттық жоба әлемді жаулаған індетпен күресуде елдегі эпидемиологиялық ахуал жөніндегі деректерді бақылауда ұстауға жол ашып отыр.

Бүгінгі күні жоба бүкіл Қазақстан бойынша «қызыл» мәртебесі бар 5 088 келушіні және 4 998 «сары» келушіні анықтауға мүмкіндік берді. Бұл 3 маусымдағы нәтижелермен салыстырғанда 3 107 келушіге артық, – деді ол. 
Еске салатын жайт, «қызыл» мәртебе жүріп-тұрудың шектелгенін, үй жағдайында оқшаулау режимін қатаң сақтау қажеттігін білдіреді. Мұндай мәртебесі барлар амбулаториялық бақылауда болады. Осы мәртебесі бар адам анықталған жағдайда тиісті бақылау органдары әкімшілік жауапкершілікке тартып, айыппұл салуға құқығы бар.

Белгіленген талаптарды сақтамағаны үшін оқшаулау режимін бұзушыларға салынатын айыппұл көлемі ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 452-бабына сәйкес 30 АЕК немесе 87 510 теңгені құрайды.

Өзгелердің жаңалығы