Ашынғаннан емес, жанымыздың ашығанынан айтамыз – депутат

1 Қараша 2023, 17:24
675
Бөлісу:
Ашынғаннан емес, жанымыздың ашығанынан айтамыз – депутат
Фото: BAQ.KZ - архив

Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев AMANAT фракциясының бастамалары мен ұсынысын жеткізді, деп хабарлады BAQ.KZ тілшісі.

Сыртқы саясаттағы санкциялардың күшеюі, әлемдегі инфляцияның тұрақтамауы біздің де экономикамызға кері әсерін тигізіп жатыр. Иә, бюджетті пысықтау оңай болған жоқ. Екі ай бойы AMANAT фракциясы қарқынды, қызу жұмыс атқарды. Біздің фракция бір триллионнан астам өгертулерді ұсынып, рекорд жасады. Бюджет бойынша 2,4 трлн теңгені мемлекеттік органдар арасында қайта қарастырды. Аймақтарға 1,5 триллион теңгеден астам қаржы қосымша үйлестірілді, - деді Бейсенбаев.

Депутаттың айтуына қарағанда, елді мекендерге аманаттық депутаттардың атынан 32 млрд, ауыз суға 10 млрд, «Ауыл - Ел бесігі» жобасына 46 миллиард теңге қарастырылды.

Бұл жобалардың әрқайсының артында Фракция депутаттарының тыңғылықты жұмысы тұр. Ең негізгісі 2024 жылдың өзіне AMANAT партиясының «Халықпен бірге» сайлауалды бағдарламасын орындауға бюджеттен 5,5 трлн теңге нақты қарастырылды. Аталған мәселелер, сіздердің біліктіліктеріңіз бен табандылықтарыңыздың көрсеткіші. Иә, біз сынаймыз. Өзгеру үшін, қоғамдағы түйткілді мәселелерді өзгерту үшін айтамыз. Ашынғаннан емес, жанымыздың ашығанынан айтамыз. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы 5 жылда ЖІӨ-ні екі есеге, яғни экономикамызды 450 млрд долларға жеткіземіз деген ауқымды мақсат қойғаны белгілі, - деді ол.

Бейсенбаев атағандай, сондықтан ортақ мақсат жолында барлығымыз жұдырықтай жұмылып, бір кісідей атсалысуымыз керек.

Ол үшін бюджеттік процесс тоқтаусыз жұмыс жасауы тиіс. Тұтастай алғанда, ұсынылып отырған бюджет жобасы Мемлекет басшысы қойған міндеттерге сай келеді. Негізгі бағыттар қамтылған. Осыны ескере отырып, фракция атынан бірге нақтыланған бюджетті қолдаймыз. Және әріптестерді де қолдауға шақырамыз, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы