«Ашық үкімет» платформасы құрылды

13 Қаңтар 2021, 15:35
2475
Бөлісу:
«Ашық үкімет» платформасы құрылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекеттің немен айналысатынын және әртүрлі жобалардың қалай іске асырылып жатқанын білу және ашықтығын анықтау мақсатында «Ашық үкімет» платформасы құрылды.

Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды.

«Ашық үкімет» платформасы ашық деректер, ашық НҚА, ашық диалог, ашық бюджеттер, сондай-ақ мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалаудан тұрады.2021 жылғы 14 қаңтарда сағат 18:00-де «Astana Hub» базасында «brainstorm» конференциясы өтеді, онда біз «Ашық үкіметті» дамыту тұжырымдамасын талқылаймыз, - деп жазды министр.

Ол барлық ниет білдіруші азаматтарды талқылауға шақыра отырып, «Ашық үкіметті» одан әрі дамыту үшін ұсыныстарды бірге қарастыратынын айтты.

Барлық ниет білдіруші азаматтарды талқылауға шақыра отырып, «Ашық үкіметті» одан әрі дамыту үшін ұсыныстарды бірге қарастырғымыз келеді. Біздің мамандар талдау жүргізіп, проблемалық мәселелерді анықтады. Олардың шешімдері сервис жұмысын едәуір жақсартады. Ал біздің мақсатымыз барынша пайдалануға ыңғайлы әрі оңай етіп жасау. Біз барлығын қабылдауға дайынбыз. Сондықтан «Ашық үкіметті» жақсарту жөнінде нақты ұсыныстар енгізе алатын журналистерді, қоғамдық ұйымдардың өкілдерін, блогерлерді және түрлі саланың мамандарын қатысуға шақырамыз. Талқылауға қосылу үшін мына https://zoom.us/j/92044191804 сілтеме бойынша өтесіз, - деп жазды ол.

Өзгелердің жаңалығы