«Ашық жүрек» жобасының бюджеті қандай?

4 Қыркүйек 2020, 13:18
2371
Бөлісу:
«Ашық жүрек» жобасының бюджеті қандай?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан волонтерлері лигасы үйлестіру кеңесінің мүшесі Әзиз Қажденбек ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен онлайн баспасөз конференциясында «Ашық жүрек» жобасының бюджеті туралы айтты. 

«Ашық жүрек» жобасының бюджеті - 150 млн теңге. 150 млн теңгенің басым бөлігі гранттарға кетеді. Ауыл мен аудандардағы жобаларды қолдауға 107 грант бөлінеді. 56 грант облыстарға бөлінеді. Оған кез келген жобасы бар жеке тұлға немесе топ қатыса алады. 9 грант республикалық маңызы бар қалаға беріледі, - деді ол. 
Ол атағандай, лигаға волонтер болу үшін бір қайырымды іс жасауы керек. 
Бізге келген жасөсіпірімдер бірінші санатқа өту үшін бір қайырымды іс жасауы керек. Волонтерлар біздің бейджді алу үшін тырысады. Ол арқылы ол өзге де жобаларға да қатыса алады, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы