«Ашық жүрек». Волонтерлар грантқа қалай ие болады?

4 Қыркүйек 2020, 12:41
4048
Бөлісу:
«Ашық жүрек». Волонтерлар грантқа қалай ие болады?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан волонтерлері лигасы үйлестіру кеңесінің мүшесі Әзиз Қажденбек ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен онлайн баспасөз конференциясында волонтерларды қолдауға бағытталған «Ашық жүрек» жобасы туралы айтты. 

«Ашық жүрек» жобасының  ең басты қағидасы – Қазақстандағы волонтерлік қозғалысқа серпін беру. Волонтерлікке әр жастағы адамдар келе алады. Жоба әр ауылдағы, аудан мен аймақтағы адамдарға волонтерліктің мақсатын жеткізуге бағытталған. Волонтерлік - ежелден келе жатқан дәстүр. Жоба аясында жастарға өздерінің мақсаттарын жүзеге асыра алатынына сенімін арттыру көзделген. «Ашық жүрек» жобасы бойынша осы жылы 20 мың волонтер лигаға кіреді деп жоспарлап отырмыз, - деді ол. 
Әзиз Қажданбек айтып өткендей, жоба аясында 17 өңірде волонтерлік орталықтар ашылады. 
Орталықтар әр аймақтағы жастардың басын қосып, бастамаларды жүзеге асыруға септігін тигізеді. Жоба аясында 107 кішігірім грант беріледі. Өз жобасы үшін әрбір қалаған адам осы грант арқылы өз жобасын жүзеге асыра алады. Әр өңірге 300 мыңнан 56 грант, 500 мың теңге республикалық мағынасы бар қалаларға бөлінеді. Волонтерлік бастаманы қолдауға бөлек гранттар бөлінеді, - деді ол. 
Ол атағандай, «Ашық жүрек» жобасы бойынша жаңа платформа ашылады. 
Ол платформа арқылы гранттарға адамдар өтініш бере алады. Қатысам дегендерге жол ашық, жастар өз жобаларын жүзеге асыруға тамаша мүмкіндік алады, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы