Қашықтан оқыту кезінде 50-ден астам іс-шара ұйымдастырылды

4 Мамыр 2020, 18:27
2479
Бөлісу:
Қашықтан оқыту кезінде 50-ден астам іс-шара ұйымдастырылды
Фото: ашық дереккөз

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 2020 жылғы 6 сәуірден бастап оқушылардың қосымша білім берумен қамту жұмысы қашықтық режімде жүргізілуде. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы білім басқармасы басшысы Шолпан Қадырова онлайн брифинг барысында атап өтті. 

Осы мақсатта жалпы білім беру мектептері, колледждер, қосымша білім беру ұйымдарының сайттарында тақырыптық бейне-сюжеттер, онлайн-сайыстар, шеберлік-сыныптар, челледждер, бейне-сабақтар, онлайн-экскурсиялар орналастырылды,  "Қашықтан оқыту" рубрикасы ашылған. 6-30 сәуір аралығында өткізілетін  сабақтар саны  29 865-ке жетіп отыр, - деді спикер.

Сонымен қатар,қашықтан оқыту мүмкін емес үйірмелерде және секцияларда балама жаттығуларға арналған құрал-жабдықтар, белгілі бір спорт түріне арналған техникалар, теориялық оқу материалдары, және қауіпсіздік техникасына арналған бейне сабақтар ұсынылғандығын айта кетті.
Ұжымдық музыка жасаудағы жаттығулар (хор, ансамбль, оркестр) жеке жұмыстарды кеңейту арқылы жүзеге асырылуда (гаммалар, техникалық жаттығулар, этюдтер). Музыкалық мектеп түлектерінің ата-аналары, мемлекеттік емтихандар қандай нысанда өтуіне, балалары бітіру сертификаттарын уақытылы алуына қатысты алаңдаушылық білдіруде.  Егер төтенше жағдай тоқтатылса, емтихандар жоспарлы түрде өткізіледі. Ал карантин ұзартылса әр мамандықтың ерекшеліктерін ескере отырып, онлайн-емтихандар ұйымдастырылады, - деді басқарма басшысы. 

Айта кететін тағы бір мәселе - қашықтан оқыту кезінде қосымша білім беру қызметтерінің құнын төмендету. Елорданың қосымша білім беру ұйымдары қызметтерінің құны қала әкімдігінің шешімімен бекітіледі, сондықтан, үйірмелердің құнын төмендете алмайтындығын айтты.
Қашықтан оқытуға келіспеген жағдайда, оқушының оқу процесіне кедергі келтірмеу үшін, баланы карантин кезеңінен кейінгі уақытта штаттық режимде оқыту ұсынылғандығын алға тартты.
Білім басқармасымен, білім беру ұйымдарында қашықтан оқыту кезеңінде 50-ден астам негізгі іс-шараларды қамтитын тәрбиелік іс-шаралар жоспары әзірленді, іс-шаралар қатарына  "Ұмытылмас есімдер", "Белсенді бол", "Табиғатты қорға", "Спорт", "Студенттермен шеберлік сабақтары" модульдарына бөлінген. Сондай-ақ, Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына және әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған түрлі интернет-конкурстар, білім алушылардың мәдениетін қалыптастыруға бағытталған және балалардың шығармашылық таланттарын ашатын челлендждер мен акциялар ұйымдастырылды, - деді Шолпан Қадырова.  

Сонымен қатар, Қазақстан халқының бірлігі күні, Отан қорғаушылар күні және Ұлы Жеңістің 75-жылдығына арналған іс-шаралар жоспары жасалғандығын тілге тиек етті.


Өзгелердің жаңалығы