Әшімбев Мемлекет басшысын жеңісімен құттықтады

21 Қараша 2022, 00:30
5508
Бөлісу:
Әшімбев Мемлекет басшысын жеңісімен құттықтады

Жаңа ғана Президент сайлауының алдын ала қорытындысы жарияланып, Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 82,45 пайыз дауыс жинағаны белгілі болды, деп жазады BAQ.KZ.

Бұл туралы Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев мәлім етті.

Әшімбев Мемлекет басшысын жеңісімен құттықтады

Бұл – бірліктің озық үлгісін көрсеткен барша отандасымыздың ортақ жеңісі! Осылайша халық өзгерістер мен реформаларды қолдап, тарихи таңдау жасады және Әділетті Қазақстан құру үшін дауыс берді. Енді алдымызда қуатты және демократиялы Қазақстан құру жолындағы маңызды міндеттер тұр. Соның бәрін табысты іске асыру үшін әрі қарай да Президентіміздің маңына топтасу аса маңызды. Осы ретте Қасым-Жомарт Кемелұлын және әділеттілік үшін дауыс берген Мемлекет басшысының барша жақтастарын бүгінгі айқын жеңіспен шын жүректен құттықтаймын!, - деді Мәулен Әшімбаев. 

Өзгелердің жаңалығы