Әшімбаев Рождество мерекесімен құттықтады

7 Қаңтар 2021, 10:06
1225
Бөлісу:
Әшімбаев Рождество мерекесімен құттықтады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Барша православтық христиандарды Рождество мерекесімен құттықтаймын. Бұл мереке уақыт сынынан өткен жалпыадамзаттық құндылықтарды дәріптейді.

Бұл туралы Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев өзінің facebook-тегі парақшасында жазды. 

Рождество жақсылықтың, мейірімділіктің, өзара көмек пен адамгершіліктің салтанатын білдіретін рухани дәстүрлердің бастауы болып табылады. Әрбір адамның діни сезімін құрметтеу -  біздің мемлекетіміздің басты қағидаларының бірі. Қазақстанда Рождество Құрбан айтпен қатар негізгі мерекелердің бірі ретінде атап өтіледі, - деді ол. 

Әшімбаев Тәуелсіздік алған сәттен бастап елімізде этносаралық келісім мен конфессияаралық диалогты нығайтуға ерекше көңіл бөлініп келе жатқанын айтты. 

Мемлекет басшысы өзінің «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында біз үш онжылдық ішінде алуандықты өзіміздің бәсекелестік артықшылығымызға айналдыра алғанымызды, ал этносаралық келісімді одан әрі сақтау тек мемлекеттік органдар үшін ғана емес, бүкіл қоғам, әрбір азамат үшін міндет болып табылатынын атап өтті.Бұл бағытта алдағы кезеңде бейбітшілікті, келісімді нығайтуға және біздің ортақ Отанымыз – Қазақстан Республикасын дамытуға православ қауымы белсенді ықпал ететініне сенімдімін.Барлық православтарға зор денсаулық, амандық және игі істер мен бастамаларда табыс тілеймін, - деді Әшімбаев.
Өзгелердің жаңалығы