Сенат төрағасы коронавирус жұқтырды

27 Сәуір 2021, 10:38
1049
Бөлісу:
Сенат төрағасы коронавирус жұқтырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев коронавирус індетін жұқтырды. Бұл туралы Әшімбаев өзінің facebook-тегі парақшасында жазды.

Барынша сақтанып жүргеніме қарамастан, соңғы сынама нәтижесінде коронавирус індетін жұқтырғаным анықталып отыр. Бірақ бойымда аурудың ешқандай белгілері жоқ. Әйтсе де оқшауланып, мамандардың барлық талаптарын қатаң сақтаудамын. Соған байланысты жұмысты да қашықтан жалғастырамын, - деп жазды ол.

Ол індеттің әлі де болса өршіп тұрғанын айтып, сақтық шараларына бейжай қарауға болмайтынын айтты.

Өкінішке қарай, пандемияның екпіні әлі бәсеңдеген жоқ. Сондықтан арқаны кеңге салып, сақтық шараларына бейжай қарауға болмайды. Бұл, ең алдымен, өзіміз және туған-туыстарымыз үшін аса маңызды. Ендеше індеттің алдын алуға баса мән берейік, - деді Мәулен Әшімбаев.


Өзгелердің жаңалығы