Асхат Рахымжанов: Оффшорлық есепшоттардағы барлық қаражатты елге қайтару қажет

10 Наурыз 2023, 22:08
1010
Бөлісу:
Асхат Рахымжанов: Оффшорлық есепшоттардағы барлық қаражатты елге қайтару қажет
Фото: Kazinform

Бұл туралы “КТК” арнасында өтіп жатқан дебат барысында ЖСДП партиясының төрағасы Асхат Рахымжанов айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Олигархиялық экономикаға нүкте қоятын кез келді. Қазақстандағы экономика кәдімгі бөлшек сауда – «сату және сатып алу» басқа ештеңе жоқ. Біразы байып, миллион адам кедейленіп жатқанда бұл процесті тоқтату керек. ЖСДП не ұсынады? Біріншіден, оффшорлық есепшоттардағы барлық қаражатты елге қайтару қажет. Бұл реформалар үшін өте маңызды. Екіншіден, бүкіл экономиканы күйретуі мүмкін кәсіпорындарды дезагрегациялауды жүргізу қажет. Үшіншіден, байлықты өндіру және экспорттау салаларын кезең-кезеңімен ұлттандыруды жүзеге асыру қажет,-деді ол.

Асхат Рахымжановтың айтуынша, көп табыс тапқандар бюджетке көбірек салық төлеуі керек. Бұл тиімді әлеуметтік саясат үшін қажет.

Тұтынушылық несиелер бойынша мөлшерлемелерді 16%-ға, кепілмен және ипотекалық несиелер бойынша 10%-ға дейін төмендету қажет екенін де атап өтті.

Өзгелердің жаңалығы