Асхат Аймағамбетов: Айтылған ұсыныстар кезең-кезеңімен жүзеге асырылады

11 Қазан 2022, 08:10
1308
Бөлісу:
Асхат Аймағамбетов: Айтылған ұсыныстар кезең-кезеңімен жүзеге асырылады

Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетовтің өңірлерге жұмыс сапары жалғасуда, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Министр Алматыға сапарында №140 гимназияда қаладағы мемлекеттік және жекеменшік мектептердің 180 директорымен кездесу өткізді.

Кездесуде жалақы төлеу жүйесі, оқуда артта қалған балалармен жұмыс, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын жүзеге асыру, қауіпсіздікті қамтамасыз ету, мектеп психологтарының жұмысы, мұғалімдердің аттестациядан өту ережелері, ата-аналармен жұмысты нығайту, педагогтерді қайта даярлау мүмкіндіктері, жаңа МЖМБС және т.б. сияқты мәселелер талқыланды. Мектеп басшылары өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, ұсыныстарын айтты.

Сонымен қатар колледж директорлары мен мектепке дейінгі білім беру ұйымдары басшыларымен де кездесіп, олардың сұрақтарына жауап беріп, ұсыныстарын тыңдадым.

Әріптестеріммен дуалды оқытуды дамыту, тәлімгерлік қызметке ақы төлеу, жан басына шаққандағы қаржыландыру, «Жас маман» жобасын жүзеге асыру, инклюзивті білім беруді дамыту, сондай-ақ ТжКБ және балабақшалардағы тамақтану мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерге қажетті өзгерістер енгізу мәселелерін талқыладық. Сонымен бірге мектепке дейінгі ұйымдарда педагог-ассистент лауазымын енгізу мәселесі де назардан тыс қалған жоқ.

Колледж директорларының негізгі мәселесі ТжКБ-да оқу үшін жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативіне қатысты болды. Бұл стандарт шын мәнінде қайта қарауды қажет етеді. Осы мәселені шешу мақсатында мемлекеттік органдармен белсенді жұмыс істеп жатырмыз.

Асхат Аймағамбетов әріптестерінің айтқан ұсыныстары уақытында іске асатынын жазды.

Әріптестеріме қызықты және мазмұнды пікірталас үшін алғыс айтқым келеді. Айтылған ұсыныстар кезең-кезеңімен жүзеге асырылады.

Өзгелердің жаңалығы