Айтпаеваның өлімі: Қыздың денесінен туысы Мұрат Мейірбековтің ДНҚ-сы анықталды

19 Шілде 2021, 17:25
7003
Бөлісу:
Айтпаеваның өлімі: Қыздың денесінен туысы Мұрат Мейірбековтің ДНҚ-сы анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Грузия Әсел Айтпаеваны зорлады деген айыпты оның туысы Мұрат Мейірбековке тағуы мүмкін. Бұл туралы Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында құқық қорғаушы Дина Таңсәрі хабарлады.

Биыл мамыр айында Грузияда белгісіз жағдайда 26 жастағы қазақстандық Әсел Айтпаева ажал құшқаны белгілі.

Грузиядан тергеуге қатысты хабар келді. Әселдің ісі бойынша сараптама қорытындысы шыққан, онда Мейірбековтің ДНҚ-сы анықталыпты. Енді Грузия оған зорлады деген айып тағады, - деп жазды Дина Таңсәрі.

Марқұм Әселдің отбасы Тбилисиден оның туысы Мұрат Мейірбековті экстрадациялауға қол жеткізген болатын. Ол адам саудасымен айналысты, яғни Мейірбеков бойжеткенді 57 жастағы Грузия азаматы Бесик Тордуаға сатуы мүмкін деген күдікке ілінді. Мамыр айының ортасында Мейірбеков Нұр-Сұлтанда қолға түсті. 14 шілдеде Мұрат Мейірбековті қамау мерзімі ұзартылғаны туралы белгілі болды. Ал екінші күдікті, грузиялық Бесик Тордуаның қайтыс болғандығы және оның өліміне не себеп болғандығын жазған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы