Аса ауыр қылмыс жасаған қарағандылыққа іздеу салынды

4 Шілде 2019, 08:56
4808
Бөлісу:
Аса ауыр қылмыс жасаған қарағандылыққа іздеу салынды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды қалалық ПБ, Орталық полиция бөлімінің қызметкерлері аса ауыр қылмыс жасады деген күдікпен 1977 жылы туған азамат Жанат Кенжеевич Қожабаевқа іздеу салады.

"Ерекше белгілері: бойы 180-185 см, шашы қара, көзі қоңыр, қысқа шашты. Аталған азаматты көрген-білгендер немесе тұрғылықты жерін білетіндер болса 8 (7212) 51-06-91, 8 (7212) 40-78-48 немесе102 телефондарына хабарласуларыңызды сұраймыз", - деп хабарлады Қарағанды облысы ІІД баспасөз қызметі.

Құпиялылыққа және сыйақыға кепілдік береміз.


Өзгелердің жаңалығы