Асқар Мамин "Самұрық-Қазына" директорлар кеңесінен кетті

15 Қаңтар 2020, 17:06
1900
Бөлісу:
Асқар Мамин "Самұрық-Қазына" директорлар кеңесінен кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Асқар Мамин "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры директорлар кеңесінің төрағасы қызметінен кетті. Бұл құжат eGov порталында жарияланды.

Үкімет қаулысымен премьер-министр Асқар Мамин директорлар кеңесі құрамынан шығарылды. Сонымен қатар, кеңестен президент көмекшісі Тимур Сүлейменов те кетті. Директорлар кеңесінің жаңа мүшелерінің қатарына президент көмекшісі Қанат Бозымбаев сайланды. 

Қазақстан Республикасы үкіметінің 2008 жылғы 17 қазандағы №962 қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін: аталған қаулыға сәйкес 2-қосымшада "Қазақстан Республикасының премьер-министрі Мамин Асқар Ұзақпайұлы төрағалықтан шығарылсын, - деп жазылған құжатта.

Шешім 1 қаңтардан бастап күшіне енді. "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ директорлар кеңесінің құрамы келесідей:

Қанат Бозымбаев - Қазақстан Республикасы президентінің көмекшісі;
Руслан Даленов - Қазақстан Республикасының ұлттық экономика министрі;
Ахметжан Есімов - "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ басқарма төрағасы;
Ричард Эванс - тәуелсіз директор;
Альпер Акдениз - тәуелсіз директор;
Вильгельм Бендер - тәуелсіз директор.

Өзгелердің жаңалығы