Мамин: Елорда бәсекеге қабілетті 50 туристік бағыт қатарында болуы тиіс

10 Қазан 2019, 12:44
2182
Бөлісу:
Мамин: Елорда бәсекеге қабілетті 50 туристік бағыт қатарында болуы тиіс

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада «Ақылды қалалар-ақылды мекендер» атты қалалық туризм мәселелері жөніндегі ғаламдық сегізінші саммит өтіп жатыр.

Шарада Премьер-министр Асқар Мамин сөз сөйлеп, туризмнің экономика дамуына үлес қосқанын қалайтынын айтты.

"Біз туризмді дамыту үшін қаржыландыру керек екенін түсінеміз. Бұл қаржы мемлекеттік сектордан да, жекеменшік сектордан да тартылады. Біз осы салада үлкен бәсекелестік бар екенін де білеміз. Мәселен, біз Нұр-Сұлтан қаласының  бәсекеге қабілетті әрі тартымды 50 туристік бағыт қатарында көрінгенін қалаймыз. Дегенмен, бұл салада проблемалар бар екені де жасырын емес. Сондықтан Нұр-Сұлтан қаласының дамуына аса үлкен мән беріп отырмыз. Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев та соңғы бірнеше жылда елорданың дамуын басты назарда ұстады. Елбасы астананың экономикалық қана емес, туристік орталыққа айналғанын қалайды. Елорда құрылысына тартылған инвестициялар көлемі артып, 3 млн долларға жетті. Бұл шамамен 50 млрд теңге. Нұр-Сұлтан ақылды технологияларды дамытатын күшке айналып барады. «Smart Astana» тұжырымдамасы бізге Нұр-Сұлтан әлемнің негізгі 10 қаласы сияқты дамып жатыр деп айтуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, біз қаланың білім, денсаулық сақтау салаларын, көлік инфрақұрылымын дамытып жатырмыз. Жергілікті туризмді де дамытудамыз. Осы жұмыстардың нәтижесінде қала бизнес пен туризм үшін негізгі хаб ретінде танылып келеді", - деді Асқар Мамин.

Үкімет басшысы Нұр-Сұлтан қаласы жаһандық деңгейде танылуы үшін қалада түрлі ауқымды халықаралық шаралардың өткенін айтты. Бүгінгі жиынның да ғаламдық деңгейде қалалық туризм мәселелерін талқылап, шешімдер қабылдау үшін жақсы мүмкіндік екенін атап өтті.
Бұған дейін елорда әкімі Алтай Көлгінов астана аумағы 21 жылда үш есе ұлғайды деген болатын.

Өзгелердің жаңалығы