Арысты жандандыруға белсенді азаматтар да атсалысады

7 Шілде 2019, 09:33
2182
Бөлісу:
Арысты жандандыруға белсенді азаматтар да атсалысады
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Облыс әкімінің кеңесшісі Ұласбек Сәдібеков Арыс қаласының белсенді азаматтарымен кездесті. Жиынға мәслихат депутаттары, ақсақалдар, әйелдер кеңесінің төрайымы, үкіметтік емес ұйым жетекшілері, қала имамдары қатысты.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, жиынның басты мақсаты – халыққа ақпараттық, идеологиялық бағытта түсіндіру жұмыстарын жүргізу және ел басына түскен қиын сәтте бірлігіміз бен ынтымағымыздың бекемдігін, мызғымастығын сақтау жолында бірлесе жұмыстар атқару. Облыс әкімінің кеңесшісі алдымен Арыс қаласын қайта қалпына келтіру, тұрғындардың қажеттілігін орындау барысында атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен таныстырды.

«Қазіргі  таңда Арыста құрылыс жұмыстары қарқын алып, халыққа гуманитарлық көмек тұрақты түрде беріліп келді. Тұрғындарға берілетін әлеуметтік көмектің  5 бағыты анықталды. Аталған бағыттар бойынша жұмыс атқарылуда», - деді Ұласбек Сәдібекұлы.

91bb2061-61c3-4fe6-8d99-7066e069c5e5.jpg

Сондай-ақ, жиында сөз алған облыстық Ішкі саясат басқармасының басшысы Бейсенбай Тәжібаев әлеуметтік желілерде жарияланып жатқан  түрлі жалған ақпараттарға сенбей, барлық жұмыстардың жүргізілу барысына көз жеткізулерін сұрады.

Жиналған қоғам белсенділері мен арнайы ұйым мүшелерінің ойлары бір жерден шығып, қаладағы әрбір аймаққа белсенді азаматтар арасынан өкіл тағайындап, халықпен тікелей жұмыс жасау бойынша ортақ келісімге келді.

6ee8d3fa-71a2-4153-8e11-95a7f0de8dd6.jpg

Жиын соңында Ұласбек Сәдібеков қалалық мәслихат хатшысы, Nur Otan партиясы Арыс қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасарымен бірге Nur Otan партиясы Арыс қалалық филиалы ғимаратында бас қосып, осы жұмыстардың жүргізілу барысын қадағалап отыруды қолға алатынын жеткізді.

Өзгелердің жаңалығы