Ақтауда арыстанның күшігін видеоға түсірген

26 Қараша 2019, 17:59
11237
Бөлісу:
Ақтауда арыстанның күшігін видеоға түсірген
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Видео бүгін, яғни 26 қарашада әлеуметтік желілерге тараған. Бұл туралы lada.kz жазды.

Әлеуметтік желілерде бірнеше ер адамның арыстан күшігін сипалап жатқан кадрлар бейнеленген видео жарияланды. Кадрдан тыс естіліп тұрған ер адамның даусынан арыстанның баласы Ақтауда өмір сүретінін және оның аты Симба екенін білуге болады.

Ол бар болғаны бір жаста, алайда салмағы 250 килограмм, - деді ер адам.


Видео: әуесқой түсірілім

Тұрғындар енді Ақтауда да Алматыдағыдай жолбарыстар мен арыстандарды сыйға беру сәнге айналды деген пікір білдіріп жатыр.

Бұған дейін басылымдардың бірінде хабарланғандай, Алматыда эксклюзивті сыйлыққа жабайы аңдарды беру трэнді пайда болған. Бай адамдар бір-біріне арыстан мен жолбарыс күшіктерін бере бастаған.

Өзгелердің жаңалығы