Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында Арыс қаласындағы Мәдениет үйінде Қазақстанның Халық әртісі, композитор Шәмші Қалдаяқовтың ескерткіш-бюсті салтанатты түрде ашылды. Сондай-ақ, өскелең ұрпаққа сазгерді насихаттау мақсатында бюст жанынан «Шәмші бұрышы» орналастырылды, деп хабарлады Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Салтанатты іс-шараға қала тұрғындарымен қатар, Алматыдан келген бір топ зиялы қауым өкілдері қатысты. Жиында сөз сөйлеген қала әкімі Гүлжан Құрманбекова арыстықтардың ерекше ықыласына бөленген ұлы композитор туралы ақжарма тілегін жеткізді.
![Арыста Шәмші Қалдаяқовқа арналған бюст орнатылды](/userfiles/upload/medialibrary/1ac/1acbfcff263bb2ebfcff46738b882fbc.jpg)
Шара соңы қалалық мәдениет үйінің өнерпаздары ұйымдастырған концерттік бағдарламаға ұласты. Айта кетерлігі, ескерткіш-бюст авторы – Арыс қаласының тумасы, Қазақстанның Еңбек сіңірген өнер қайраткері, мүсінші Тілеуберді Бинашев өнер туындысын қаланың 65 жылдық мерейтойына орай сыйға тартты.
![Арыста Шәмші Қалдаяқовқа арналған бюст орнатылды](/userfiles/upload/medialibrary/a73/a735beb84324e12ec350ea42d51d96dd.jpg)