Арыстағы Қазпошта бөлімшелері штаттық режимде жұмыс істеп жатыр

4 Шілде 2019, 13:51
2756
Бөлісу:
Арыстағы Қазпошта бөлімшелері штаттық режимде жұмыс істеп жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Арыс қаласындағы «Қазпошта» АҚ-ның барлық бөлімшесі 2019 жылдың 1 шілдесінен бастап штаттық режимде жұмыс істеп жатыр. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады.

«Арыс аудандық пошта байланысы торабына 3 пошта бөлімшесі кіреді. Арыстағы орталық операциялық учаскедегі жөндеу жұмыстары аяқталып, терезелер ауыстырылып жатыр», - делінген таратылған ақпаратта.

«Қазпошта» АҚ-ның баспасөз қызметінің мәліметінше, барлық бөлімше мен банкомат штаттық режимде жұмыс істейді. Халыққа барлық қызмет көрсетіліп жатыр, оның ішінде зейнетақыны/жәрдемақыны беру. Арыс қаласының орталық операциялық учаскесінде тұрғындарға қызмет көрсететін 6 терезе бар, күніне орташа есеппен 300 адамға қызмет көрсетіледі.

Өзгелердің жаңалығы