Арыста белсенді құрылысшылар марапатталды

27 Тамыз 2019, 22:12
1314
Бөлісу:
Арыста белсенді құрылысшылар марапатталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Арыс қаласын қалпына келтіру жұмыстары 17 секторға бөлініп, облыс пен аудандарға тапсырылған болатын. Соның бірі Атырау облысы мен Жетісай ауданына қарасты №1-сектор. Қазіргі таңда аталған аумақта құрылыс әрі жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Осыған орай, бүгін Арыс қаласындағы құрылыс жұмыстарына белсене араласқан құрылысшылар, еріктілер, сондай-ақ, Атырау облысы мен Жетісай ауданы әкімдігінің қызметкерлері арнайы алғыс хаттармен марапатталды. Сектор аумағында тұратын арыстық жергілікті тұрғындарға арналып мерекелік концерт ұйымдастырылды.

"№1-сектор Көктем шағын ауданында орналасқан. Аумаққа қарасты 571 үйдің 468 жөндеуден өткен. Оның ішінде 55 үй толықтай басынан тұрғызылып отыр. Бұдан бөлек, 11 кәсіпкерлік нысан жөнделген. Құрылысты барлығы 13 мердігер компания жүргізді. Жалпы құрылысқа 700-ге жуық құрылысшы мен 12 техника жұмылдырылған", - делінген таратылған ақпаратта.
Өзгелердің жаңалығы