Арыста 7 әлеуметтік нысан пайдалануға берілді

6 Тамыз 2019, 20:12
1172
Бөлісу:
Арыста 7 әлеуметтік нысан пайдалануға берілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Құрылыс істері комитетінің мәліметі бойынша, Арыс қаласында жалпы алғанда 9313 құрылысшы еңбек етуде. 

"7 мыңнан астам маман тұрғын үй қорын қалпына келтіруде, қалған бөлігі әлеуметтік нысандарда іске қосумен айналысуда. 6 тамызға дейін бригадалар 7 білім беру мекемесін толық жөндеуден өткізіп, пайдалануға тапсырды. Білім беру, денсаулық сақтау және спорт саласындағы 59 нысанның құрылыс жұмыстары аяқталуда", - делінген Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Сондай-ақ, аптап ыстыққа қарамастан, құрылысшылар 2405 үйде косметикалық жөндеу жұмыстарын аяқтайды. Апатты деп танылған тағы 413 үй бұзылып, рекордтық мерзімде құрылысы салынып жатыр.

"Әскери полигондағы жарылыстардан Арыс қаласының тұрғын үйлерінің 85% зардап шеккен еді. 1 тамызға дейін құрылысшылар 6,5 мың ЖТҚ және КПТҮ объектілерін қалпына келтірді, бұл барлық қираған үйлердің 90%. Ауқымды құрылысқа барлық өңірлер мен Республикалық маңызы бар қалалар тартылған", - делінген таратылған ақпаратта.

Өзгелердің жаңалығы